Винченцо Нибали Giro d'Italia көпкүндігінде топ бастап тұр

Винченцо Нибали Giro d'Italia көпкүндігінде топ бастап тұр

«Astana Pro Team» шабандозы Винченцо Нибали жексенбі күнгі жарыс жолына қызыл күлгін жейдемен шығып,  Giro d'Italia-ның жауын-шашынды 9 кезеңінде оны қорғап қалды. Енді бүгін Нибалы көшбасшы ретінде жарыс жолына шығады.

Сансеполькрода басталған 170 шақырымдық кезеңнің мәресіне Нибали  жеңімпаз ресейлік Максим Белковтан кейін 1:03 уақыттан кейін  10-болып жетті. Биылғы маусымдағы «Джиро дель Трентино» мен «Тиррено-Адриатико» жеңімпазы Нибали австралиялық Кэдел Эвансты 29 секундқа ұтып, Джирода көш бастады. Шабандоздар бүгін жарыстың 10 кезеңін артта қалдыру үшін жолға шығады.

"Ұзақ кезең барысында бәрі болуы мүмкін. Бірінші аптаның нәтижесіне көңілім толады, командалық әріптестерімді мақтан тұтамын. Бүгін Танел Кангерт пен Алессандро Ванотти өте мықты болды. Өкінішке қарай Дмитрий Груздев соңғы 40 шақырымдағы бұрылыста рөлге ие бола алмай, құлап қалды. Абырой болғанда, жарақаты жоқ, ол велосипед ершігіне отырып, жарысты жалғастырды. Келесі екі аптаның әр бір күні барлығымызға да үлкен сынақ. Жалпы есепте көш бастауды мақсат еткен бірде-бір қарсыластың мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Команда қызыл күлгін жейдені қорғауға барын салады, бірақ барлығымыз Брешияға дейінгі жол оңай болмайтынын жақсы түсінеміз," – дейді Нибали.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.k

Ю. НИКУЛЛИН