Chemistry Cup - 2012. Жерлесіміз жеңді!

Chemistry Cup - 2012. Жерлесіміз жеңді!

Бұған дейін Массагет оқырмандарын Галле қаласында өтіп жатқан "Chemistry Cup - 2012" додасындағы оқиғалармен таныстырып келген едік. Көптен күткен сайыс та өз аяғына жетіп, жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Ұзын саны 4 медальді қанжығамызға байлап, ұртымыз майланды.

Осы орайда доданың финалына қатысып, өнер көрсеткен қос боксшымыздың раундтарына тоқталып өтпекпіз.

69 келі салмақта жерлесіиіз Серік Сәпиев Германиялық Арайк Марутянмен қолғап түйістірді. Жалпы есеп - 19:15.

я

Германия құрамасында бұл салмақ арасындағы боксшылардың ең үздігі Патрик Воджиски саналады. Бірақ бұған дейінгі жекпе-жекте Серіктен жеңіліп, үшінші орынды қанағат тұтты. Бірақ, Арайк Марутян да осал боксшы емес. Турнирдің алғашқы айқасын жекпе-жегінде қытайлық Лю Вейді(18:7), ширек финалда литвалық Егидижус Каваляускасты(10:5), жартылай финалда ирландиялық Адам Ноланды (21:14) жеңіп, финалдан бір шыққан еді. Дегенмен, Серікке қауқары жетпеді германдықтың.

Бірінші раунд - 6:6

Екінші раунд - 13:11

Үшінші раунд - 19:15

***

Финалдық жекпе-жекте тағы бір қандасымыз Ғани Жайлауов Бразилиялық Робсон Майкл Консейсаодан  8:16 есебімен жеңіліп қалды.

Ғани 60 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген талантты боксшылардың бірі.  Дегенмен осы жолы жеңістің реті келмеді. Робсон AIBA рейтінгі бойынша жерлесіміз Ғанидан кейін тұрса да, осы турнирде барынша өзін көрсете білді. Бұған дейін алдымен монғол Отгондалай Доржнямбуды(17:9), жартылай финалда Оливер Дэйвид Жойсты(17:10) қан қақсатқан. Бразилиялық боксшы айқас басталысымен-ақ, өзіңнің басымдығын көрсетті. Ғани кейінгі раундтарда қарымды тойтарыс беруге тырысқанымен, есеп одан сайын ұлғайып, Робсоннның пайдасына шешілді.

Бірінші раунд - 2:3

Екінші раунд - 6:11

Үшінші раунд - 8:16

"Chemistry Cup 2012" турнирінің финалындағы барлық жекпе-жектер:

49 келі: Хамза Тоуба (Германия)Белик Галанов (Ресей) - 18:17
52 келі: Жасурбек Латипов (Өзбекстан) — Сердамба Пусевдорж (Монғолия) - 12:8
56 келі: Денис Макаров (Германия) — Орзубек Шаимов (Өзбекстан) - 0:0 (жеңіс Макаровқа берілді)
60 келі: Ғани Жайлауов (Қазақстан) Робсон Майкл Консейсао (Бразилия) - 8:16
64 келі: Эвертон Лопес (Бразилия) Артем Зайцев (Ресей) - 11:16
69 келі: Серік Сәпиев (Қазақстан) — Арайк Марутян (Германия) - 19:15
75 келі: Стефан Хартел (Германия) — Эскуива Флорентино Фалькао (Бразилия) - 15:9
81 келі: Егор Мехонцев (Ресей)Жозеф Уорд (Ирландия) - 14:20
91 келі: Хуанхуан Ванг (Қытай) Артур Бетербиев (Ресей) - 2:23 (нокаут, үшінші раунд)
91+ келі: Жанг Жилей (Қытай)Сергей Кузьмин (Ресей) - 7:11

Ең шебер (техникасы жоғары) боксшы Жозеф Уорд (Ирландия)
Ең жігерлі боксшы Стефан Хартел (Германия) 

сурет: alasharena.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы