"Астана арландарының" бірінші күнгі жеңісі

"Астана арландарының" бірінші күнгі жеңісі

Бүкіләлемдік бокс сериясының үшінші кезеңінің алғашқы күнінде "Astana Arlans" командасы "Ukraine Otamans" командасын 3:2 есебімен тізе бүктіре алды.

Алғашқы финалдық күннің соңғы шайқасы ауыр салмақтағы қос мықтының теке-тіресімен аяқталды - Михай Нистор мен Александр Усик. Нистор аты танымал қарсыласынан қаймықпай, алғашқы минуттардан соққы жасауға шықты. Усик болса алыс қашықтықтан жұдырықтаса жүріп, сәт сайын Михайды ұзын қолдарымен қапы қалдырып, орын алғандай, алғашқы екі раунд украиндықтың еншісінде қалып еді. Ал міне үшінші раунд та біздің "арлан" белсенділік танытып, украин спортшысын тықсырып тастады.

Соған қарамастан қалған раундтарда Усиктің мерейі үстем түсіп, өз кезегінде "атамандарға" екінші ұпайды сыйлады.

Арландардың сапынан Мейірболат Тәйтов, Сергей Деревянченко мен Хрвое Сеп есімді былғары қолғап шеберлері жеңіске жетті. Ал қарсылас жақтан жеңіске бастар бір мүмкіндікті Олимпиада чемпиондары Василий Ломаченко мен Александр Усик сақтап қала алды. 

Бүгін, 11 мамыр күні финалдың екінші күні жалғасын тауып, WSB-ның жаңа чемпионы анықталмақ. 

Astana Arlans (Қазақстан) - Ukraine Otamans (Украина) - 3:2

73 келі салмақтан жоғары 

Сергей Деревянченко - Евгений Барабанов - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)

54 келі салмақтан жоғары  

Мейірболат Тәйтов - Викторо Гоголев - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)

61 келі салмақтан жоғары

Самат Башенов - Василий Ломаченко - 0:3 (45:49, 45:46, 44:50)

85 келі салмақтан жоғары

Хрвое Сеп - Сергей Лапин - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)

91 келі салмақтан жоғары 

Михай Нистор - Александр Усик - 0:3 (46:49, 46:49, 46:49)

сурет:www.sports.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига