Шаңғышылар арасындағы Әлем кубогының финалы өтіп жатыр

Шаңғышылар арасындағы Әлем кубогының финалы өтіп жатыр

Жерлесіміз Алексей Полторанин Швецияда шаңғышылар арасында өтіп жатқан Әлем кубогының финалында өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Швеция Астанасы Стокгольмде іріктеу сыны өткен болатын. 13 елден келген 51 спортшының арасында спортшымыз шеберлік танытып, бесінші болып мәре сызығын кескен еді.

Енді, міне, осы Әлем кубогының финалында жасындай жарқылдап жүр. Ақырғы бәйге Швецияның Фалунда қаласында өтіп жатыр. 

Кеше шаңғышылар 35 шақырымдық қашықтықта жарысыпты. Бұл жерде де жерлесіміз бесінші болып келді. Мәрені алғаш болып норвегиялық Эйрих Брандсал кесті. Екінші орынды швед Теодор Петерсон алса, үшінші орынға норвег спортшысы Ола-Виген Хаттестад табан тіреді. Алексей норвегиялық спортшыдан 14,8 минут кешігіп, мәрені 1 сағат 25,5 минут дегенде кесті.

Алдағы уақытта шаңғышылар 3,3 шақырымдық спринт пен 15 шақырымдық ізге түсу бағдарламасында өнер көрсетеді. 

сурет: izvestiaur.ru