Еуропа чемпионатының ең үздік голы анықталды
Фото: lurkit.com

Еуропа чемпионатының ең үздік голы анықталды

Еуропа чемпионатының ең үздік голы мәртебесіне Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шик ие болды. Ол үздік деп таныған голын Шотландия құрамасы қақпасының торында тулатқан еді.

UEFA дауыс беруі және техникалық бақылаушылар таңдауы бойынша ең әдемі голды Патрик Шик соққан. Сондай-ақ осы жарыс тарихында ең алыстан соғылған гол ретінде де рекорд жаңартқан еді.

Жарыстың ең үздік голдары қатарында өзге де нәтижелер бар. Ол голдар төмендегідей:

Поль Погба, Франция — Швейцария (1/8 финал);
Лука Модрич, Хорватия — Шотландия (3 тур);
Лоренцо Инсинье, Бельгия — Италия (1/4 финал);
Кевин Де Брёйне, Дания — Бельгия (2 тур);
Криштиану Роналду, Венгрия — Португалия (1 тур);
Альваро Мората, Италия — Испания (1/2 финал);
Миккель Дамсгор, Англия — Дания (1/2 финал);
Андрей Ярмоленко, Нидерланды — Украина (1 тур);
Федерико Кьеза, Италия — Испания (1/2 финал).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UEFA EURO 2020 (@euro2020)

Н. Үсенова