"Болжамдар бәйгесінің" жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

Футболдан Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесінің" жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.

Бір айға созылған болжамдар бәйгесінде 68 үміткер бақ сынады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққандар Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бәйге 2014 жылдан бері ірі доп додалары кезінде ұйымдастырылып келеді.

Биылғы Еуропа чемпионатының "Болжамдар бәйгесінде" Әли Әубәкір есімді оқырман жеңімпаз атанды. Қызылорда облысының тумасы "Массагет" порталы ұйымдастырылған бәйгеде екінші рет топ жарды. 2014 жылы Бразилия жерінде өткен Әлем чемпионатында да жеңімпаз болған.

Жеңімпаз Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Екінші орын иегері – Ержан Күзембаев. "Массагет" порталының оқырманы әр жылдары ұйымдастырылған бәйгенің бәріне қатысып келеді. Ол белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабына ие болды.

"Болжамдар бәйгесінің" үшінші орны Жұлдыз Жабықбайға бұйырды. Ержанмен ұпайы бірдей болғанмен, қосымша статистика бойынша қалып қойды. Жүлдегерге Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет табысталады.

Бәйгеде Данияр Ғабитұлы мен Еркін Ермек 4 және 5-ші орыннан көрінді. Олар сайт атынан тағайындалған естелік сыйлықтарға ие болады.

Құрметті жеңіс тұғырынан көрінген қатысушылар сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Сыйлықтарыңызды 8 702 244 84 14 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдау арқылы ала аласыздар.

Белсенділік танытып, бір ай бойы футбол тойын бірге тамашалаған барлық бәйгеге қатысушылардың отбасына амандық пен зор денсаулық тілейміз!