Италия – Еуропа чемпионы!

Италия – Еуропа чемпионы!

Футболдан Еуропа чемпионатында Италия ұлттық құрамасы чемпион атанды. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен финалдық ойында Англия құрамасын ұтты.

Еуропа чемпионы ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды. Негізгі уақытта екі құрама 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші болып Англия құрамасы есеп ашты. Люк Шоу соққан гол ағылшындарды алға шығарған. Екінші таймда Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.

Экстра таймда есеп өзгерген жоқ. Ал пенальти сериясында Италия құрамасының мерейі үстем болды. Пенальтиде 3:2 есебімен басым түсті.

"Скуадра адзурра" өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионы атағына қол жеткізді. Алғаш рет 1968 жылы чемпион болған.

Н. Үсенова