Англия vs Дания. Финалға қай құрама шығады?

Бүгін түнде футболдан Еуропа чемпионатының 1\2 финалындағы екінші ойыны өтеді.  Финалға шығатын екінші құрама белгілі болады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады.

Англия-Дания

Бүгін Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия Даниямен ойнайды. Матч 8 шілдеде Лондон қаласындағы Уэмбли стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды отандастарымыз Qazaqstan және QazSport арналарынан тамашалай алады.

Англия

Ағылшындар 1996 жылдан бері алғаш рет ағылшындар жартылай финалға шықты. 1996 жылғы Еурода ағылшындар Германиядан пенальти сериясында ұтылып қалған болатын.

Сол кезде қорғаушы болған  Гарет Саутгейт шешуші пенальтиді соға алмай көп уақыт бойы Англия ұлттық құрамасының жанкүйерлерінің "қаһарына" ұшырады. Бірақ биылғы турнирде Гарет бапкер ретінде 8\1 финалда немістерді 2:0 есебімен ұтып, сол кездегі сәтсіздігін жанкүйерлер алдында шуып-шайды.

Ширек финалда британдықтар украиналық команданы 4:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Бұл матчта Гарри Кейн дубль авторы атанса, Гарри Магуайр мен Джордан Хендерсон мергендігімен көзге түсті.

Англия ұлттық құрамасын жартылай финалға дейін жетеді деп ешкім ойлаған жоқ. Себебі, олар Еуро-2020-ны сәтті бастамады. Гарет Саутгейт шәкірттері Хорватия мен Чехияны 1:0 есебімен ұтып, Шотландиямен (0:0) тең түскен болатын.

Ағылшындардың тағы бір ерекшелігі осы турнирде олар қақпасына әлі  бірде-бір гол өткізген жоқ.

Дания

Дания үш кездесуде жинаған 3 ұпайымен В тобында екінші орын алды. Алғашқы матчта Каспер Хюлманд командасы Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілді, мұны дәл алаңда жүрегі тоқтап қалған Кристиан Эриксенмен болған жағдайдың әсерінен деуге болады. Есеңгіреген даттар  пенальтиді де соға алмады.

Содан кейін олар Нидерландыдан ұтылды (1: 2), бірақ үшінші айналымда олар 1/8 финалға шығуы үшін Ресейді 4:1 есебімен жеңді.

Ширек финалға жолдама алатын матчта скандинавиялықтар Уэльске жауапсыз 4 гол соқты.

Ширек финалда олар Чехиямен кездесуді өте ширақ бастады. Бірінші таймның өзінде даниялықтар екі гол соқты. Небәрі 5 минутта бұрыштамадан асырған допты Томас Дилейни баспен соғып, есепті ашты. Бірінші голдан кейін чехтар ұдайы шабуылдаумен болды, ал даттар қарсы шабуылмен жауап қайтарды. Чехтардың бірнеше мүмкіндігі болғанымен қақпашы Каспер Шмейхельден айласын асыра алмады.

Даттар осындай қарсы шабуыл кезінде 42 минутта Каспер Дольберг айып алаңының ішіне енген допты голға айналдырды.

Екінші таймда чехтар матчты ширақ бастады. 48 минутта команда сұрмергені Патрик Шик қақпаны дәл көздеп, есепті қысқартты.

Жалпы, Данияның жартылай финалға дейін жетуін кездейсоқ деп атауға болмайды.

Дания құрамасының құрамындағы Каспер Дольберг, Юсуф Поульсен және Йоаким Мехле осы турнирде гол соға алатын ойыншылар ретінде өздерін дәлелдеді.

Бұл команданың қатарында ойын мәнерін өзгерте алатын футболистер жеткілікті.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі