Дания жартылай финалға шықты

Дания жартылай финалға шықты

Бүгін Чехия Даниямен ширек финалда ойнады. Бакуде өткен кездесу 1:2 есебімен даттардың пайдасына шешілді.

Даттар ойынынң алғашқы минуттарынан шабуылды үдетті. Небәрі 5 минутта бұрыштамадан асырған допты Томас Дилейни баспен соғып, есепті ашты. Бірінші голдан кейін чехтар ұдайы шабуылдаумен болды, ал даттар қарсы шабуылмен жауап қайтарды. Чехтардың бірнеше мүмкіндігі болғанымен қақпашы Каспер Шмейхельден айласын асыра алмады.

Даттар осындай қарсы шабуыл кезінде 42 минутта Каспер Дольберг айып алаңының ішіне енген допты голға айналдырды.

Екінші таймда чехтар матчты ширақ бастады. 48 минутта команда сұрмергені Патрик Шик қақпаны дәл көздеп, есепті қысқартты.

Ойын соңына дейін осы есеп өзгермеді. Дания жартылай финалға шықты. Даттар енді Украина – Англия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Т. Раушанұлы