Бүгін жартылай финалға тағы екі құрама шығады

Бүгін жартылай финалға тағы екі құрама шығады
Фото: uefa.com

Бүгін түнде футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалындағы кезекті ойындар өтеді. Жартылай финалға шығатын тағы екі құрама белгілі болады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады.

Чехия – Дания

Сенбі, 3 шілдеде Чехия Даниямен ширек финалда ойнайды. Бакуде өтетін кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды отандастарымыз Qazaqstan және QazSport арналарынан тамашалай алады.

Чехия

Чехия құрамасы топтық кезеңнен 4 ұпай жинап, D тобынан үшінші орынмен шықты. Ярослав Шилгавының командасы Шотландияны жеңді (2:0) және Хорватиямен тең ойнады (1:1).

Соңғы турда чехтар Англиядан 0:1 есебімен ұтылды, бірақ бұл олардың плей-офф кезеңіне өтуіне кедергі болмады.

1/8 финалда чехтар Нидерланды құрамасына қарсы ойында аутсайдер саналды, бірақ Томас Холеш пен Патрик Шиктің голдарының арқасында жеңіске жетті (2:0).

Құрама сұрмергені Шик чемпионатта 4 гол соғып, әзірге сұрмергендер тізімінде Криштиану Роналдудан кейін екінші орында тұр.

Дания

Дания үш кездесуде жинаған 3 ұпайымен В тобында екінші орын алды. Алғашқы матчта Каспер Хюлманд командасы Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілді, мұны дәл алаңда жүрегі тоқтап қалған Кристиан Эриксенмен болған жағдайдың әсерінен деуге болады. Есеңгіреген даттар  пенальтиді де соға алмады.

Содан кейін олар Нидерландыдан ұтылды (1: 2), бірақ үшінші айналымда олар 1/8 финалға шығуы үшін Ресейді 4:1 есебімен жеңді.

Ширек финалға жолдама алатын матчта скандинавиялықтар Уэльске жауапсыз 4 гол соқты.

Дания құрамасының құрамындағы Каспер Дольберг, Юсуф Пулсен және Йоаким Мехле осы турнирде қақпаны екі реттен дәл көздеген.

Чехия кейінгі бес матчтың үшеуінде екі немесе одан да көп гол соққан және бұл команданың қатарында ойын мәнерін өзгерте алатын ойыншылар жеткілікті.

 

Украина – Англия

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Украина командасына қарсы ойнайды. Матч 3 шілдеде Римде, Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды отандастарымыз Qazaqstan және QazSport арналарынан тамашалай алады.

Украина

Украина құрамасы өз тарихында бірінші рет кәрі құрлықтың басты додасында ширек финалға шықты. Алдағы кездесу қалай аяқталса да, Андрей Шевченконың командасы кез келген жағдайда үлкен жетістікке жетеді.

Топтық кезеңде Украина үш ұпайға ғана ие болып, топтан әрең шықты. Нидерланды мен Австриядан жеңілді, Солтүстік Македонияны ұтты.

Ал 1/8 финалда Украина Швецияны  2:1 есебімен ұтты. Украиналық шабуылшы Артем Довбик экстра тайм соңында шешуші голды соқты.

Шведтермен матчта Украина құрамасына тактикалық құрамның 4-3-3-тен 5-3-2-ге ауысуы көмектесті. Шевченко командаға сәттілік әкелетін қорғаныстық ойын моделін таңдады. Украина командасы төрт матчта алты гол соқты.

Англия

Англия құрамасы 1/8 финалдан кейін Еуроның басты фаворитіне айналды. Ағылшындар топтық кезеңдегі ойыны сүреңсіз болғанымен, бірақ плей-офф матчында өте жақсы тактикалық ойын мәнерін көрсетіп, Германияны 2:0 есебімен ұтты.

Ең бастысы, Англия бұл турнирде қақпасына әлі бірде-бір гол өткізген жоқ.

Шотландия мен Чехия құрамалары британдықтарға қарсы ойнауға болатынын ертерек көрсетті. Дегенмен, Украина ұлттық құрамасының сәттілікке жету мүмкіндігі өте аз.

Андрей Шевченко командасының басты проблемасы – бұл ойыншыларының физикалық дайындығының аздығы. Бұл топтық кезеңде де байқалды. Швецияға қарсы 120 минуттық ойыннан кейін украиналықтар мұндай қуатты қарсыласпен ойнауға толық қалпына келіп үлгермейді.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы