Португалия Еуропа чемпионатын аяқтады

Португалия Еуропа чемпионатын аяқтады
Фото: Reuters

Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Ал 2016 жылы дәл осы жарыста топ жарған Португалия құрамасы жарысты аяқтады.

Екі құрама арасындағы ойын Севильяда өтті. Бельгия құрамасы бірінші тайм аяқталар тұста Торган Азар соққан голдың нәтижесінде жеңіске жетті.

Бельгия құрамасы ширек финалда Италия құрамасына қарсы ойнайды.

Н. Үсенова