Чехия құрамасы ширек финалға шықты

Чехия құрамасы ширек финалға шықты
Фото: Reuters©

Футболдан Чехия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Олар 1/8 финалда Нидерланд құрамасын ұтты.

Будапештте өткен ойында 2:0 есебі тіркелді. Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. 68 минутта Томаш Голеш есеп ашса, 80 минутта Патрик Шик есепті еселеді.

55 минуттан бастап Нидерланд құрамасы ойынды он ойыншымен өткізді. Ресейлік төреші Сергей Карасев VAR қарағаннан кейін Маттейс де Лигтке қызыл қағаз көрсетті.

Ширек финалда Чехия құрамасы Даниямен кездеседі. Даттар 1/8 финалда Уэльс құрамасын 4:0 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты басталар алдында суперкомпьютер жарыс жеңімпазын болжағанда Чехия құрамасы чемпион атанады деп көрсеткен. Даниямен жартылай финалда кездеседі деп болжаған.

Н. Үсенова