Италия  ширек финалға шықты

Италия  ширек финалға шықты

Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өткен  кездесуде Италия мен Австрия құрамасы кездесті. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады.

Ойынның 65-минутында Марко Арнаутович итальяндар қақпасына гол соқты, бірақ VAR-ны қараған төреші офсайдқа байланысты годы есептемеді.

76-минутта бас төреші Энтони Тейлор тағы да видеоассистке жүгініп, Италияға пенальти тағайындаған жоқ.

 95-минутта ерекше көзге түскен Федерико Кьеза итальяндарды алға шығарды.

Он минуттан кейін Маттео Песина командасының есебін еселей түсті.

114-минутта Саша Калайджич арадағы есепті қысқартты. Есепті теңестіруге австриялықтарға уақыт жетіспеді.

Енді Италия құрамасы Бельгия – Португалия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ал, 1/4 финалдағы Дания Чехия – Нидерланды жеңімпазымен қарсылас атанады. 

Еске салайық, Дания құрамасы Уэльс қақпасына жауапсыз 4 гол соқты.

Т. Раушанұлы