Англия Чехиядан басым түсті

Англия Чехиядан басым түсті

"D" тобындағы Англия – Чехия арасындағы ойын, 1:0 есебімен ағылшындардың пайдасына шешілді.

Ағылшындар ойынды ширақ бастады. Небәрі 2 минутта Стерлинг қақпашының үстінен асырып жіберген добы қақпа бағанасына тиіп қайтты.

Ойынның 12 минутында Рахим Стергинг Джек Грилиштің асырған добын қақпаға баспен соғып, ойындағы жалғыз голдың авторы атанды.

Ағылшын құрамасының капитаны Харри Кейн қақпашымен жеке дара шығып гол соға алмады. Бұдан кейін де ағылшындар бірнеше гол соғатын мүмкіндікті мүлт жіберді.

Англия құрамасы қақпасына гол жібермей, небәрі екі гол (екеуінің де авторы Стерлинг) соғып пелей-оффқа бірінші орынмен шықты.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы