Хорватия құрамасы плей-оффқа шықты

Хорватия құрамасы плей-оффқа шықты

Хорватия құрамасы Шотландияны 3:1 есебімен ұтты.  

Бірінші таймда екі команда да гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болды. Хорватия жартылай қорғаушысы Никола Влашич ойынның 17 минутында қарсылас айып алаңының ішінде Иван Перишичтің баспен асырған пасын голға айналдырды. Ал, 42 минутта Шотландия жартылай қорғаушысы Каллум Макгрегор есепті теңестірді.

Екінші таймда хорваттар өткір шабуылдарымен ерекшеленді. 62 минутта айып алаңының сыртынан командаластары асырған пасты Хорватия капитаны Лука Модрич оң аяқтың сыртымен шиіре теуіп, тамаша голдың авторы атанды.

Хорватия құрамасы екінші голдан кейін де шабуылды үдетіп, 77 минутта Иван Перешич баспен гол соғып есепті еселеді.

Осылайша Хорватия құрамасы екінші орынмен плей-оффқа шықты.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы