Германия Португалиядан басым түсті

Германия Португалиядан басым түсті

Футболдан Еуропа чемпионатында Германия құрамасы Португалияны ұтты. Мюнхенде өткен ойында немістер 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғаш болып Португалия құрамасы есепте алға шықты. 15 минутта Криштиану Роналду Еуропа чемпионаттарындағы 12-ші голын соқты. Ал оған дейін немістердің бір голы есепке алынбаған еді.

Бірінші тайм аяқталғанша Германия басымдыққа ие болып үлгерді. Рубен Диаш пен Рафаэль Геррейро өз қақпаларына автогол соғып алды.

Екінші таймда Германия құрамасы сапында Кай Хаверц пен Робин Госенс гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Ал 67 минутта Диего Жота есепті қысқартты. Одан кейінгі уақытта есеп өзгерген жоқ.

Германия топтағы бірінші ойында Франциядан ұтылған болатын. Ал Португалия Венгрияны ұтқан. Үшінші турда (23 маусым) Франция – Португалия, Венгрия – Германия құрамалары арасындағы ойын өтеді.