Англия Шотландияны ұта алмады

Англия Шотландияны ұта алмады
Фото: twitter.com/England

Футболдан Еуропа чемпионатындағы Англия мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын аяқталды. "Уэмблиде" (Лондон) өткен кездесуде гол соғылмады.

Ағылшындар бұл ойында айқын фаворит саналған. «Массагеттің» болжамдар бәйгесіне қатысушылар да осы құрама жеңіске жетеді деп болжаған-ды. Алайда Англия Шотландияны ұта алмады.

Топтағы бірінші ойында ағылшындар Хорватияны ұтса, Шотландия чехтарға есе жіберген.

Н. Үсенова