Швеция "Е" тобында көш басына шықты

Швеция "Е" тобында көш басына шықты

Футболдан Еуропа чемпионатында Швеция құрамасы Словакияны ұтып, "Е" тобында көш басына шықты.

Шведтерге жеңіс сыйлаған голды 77 минутта Эмиль Форсберг пенальтиден соқты. Словакия құрамасы қақпашысы Мартин Дубравка өз қателегін түзей алмады. Ойын соңында словактар есепті теңестіруге барынша ұмтылғанмен, гол соға алмады.

Ойында Швеция құрамасы шабуылшысы Александер Исак үздік ойыншы атанды.

Топтағы бірінші ойында шведтар Испаниямен тең ойнаған-ды. Словакия Польшаны ұтқан еді. Ертең түнде Испания мен Польша құрамалары кездеседі.