Бүгін "Е" және "D" тобындағы ойындар өтеді

Бүгін "Е" және "D" тобындағы ойындар өтеді
Фото: eurofreebets.co.uk

Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі ойындар жалғасады. Бүгін жанкүйерлер "Е" және "D" тобындағы кездесулерді тамашалай алады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. Жүлделі орынға ілігуге әлі де мүмкіндік бар. 

Швеция – Словакия

Екі құрама арасындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат  19:00-де басталады. "Е" тобындағы бұл кездесу Санкт-Петербургте өтеді. Бас төреші – неміс Дэниель Зиберт.

Шведтердің 1 ұпайы бар. Олар топтағы бірінші ойында Испаниямен тең ойнады. Осыған дейін Еуропа чемпионатында гол соғылмаған жалғыз матч.

Швеция құрамасы алты рет Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне шыққан. Оның екеуінде ғана плей-оффқа жолдама алған. 2016 жылы топтағы екі ойында ұтылып, бір кездесуде тең түскен.

Словакия құрамасы топтағы бірінші ойында Польшаны ұтып, 3 ұпаймен көш бастап тұр. Еуропа чемпионатына дейін словактар жолдастық кездесуде Австрия (0:0) және Болгариямен (1:1) тең ойнады. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Ресейді 2:1 есебімен ұтып, Мальта (2:2) және Кипрмен (0:0) тең түсіп қалды.

Бүгінгі ойында екі құрама үшін де ұпай маңызды. Словакия құрамасы жеңіске жетер болса, плей-оффқа жолдама алады.

Ойынды қазақстандық жанкүйерлер QazSport арнасынан тамашалай алады.

Хорватия – Чехия

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталады. "А" тобындағы бұл кездесу Глазгода өтеді. Бас төреші – испан Карлос Дель Серро.

Хорваттар «D» тобындағы бірінші ойында Англия құрамасына есе жіберді. Лука Модрич бастаған жігіттер жарқын ойынымен де ерекшелене алмады. Әлде кейінгі екі ойынға күшін сарқыды. Чехтарға қарағанда құрама сапында тәжірибелі ойыншылар басым.

Чехия құрамасы жарысты өте жақсы бастады. Патрик Шик соққан екі гол командағы 3 ұпай сыйлады. Сондай-ақ алыстан соғылған екінші голы YouTube желісінде ең көп көрілім жинады. Еуропа чемпионатында ең алыстан соғылған гол ретінде рекорд жаңартты.

Жарыс алдында суперкомпьютер чехтар чемпион атанады деп болжаған-ды. Хорваттарға қарсы сол болжам бір сын болмақ.

Ойынды отандастарымыз Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Англия – Шотландия

"D" тобындағы Англия мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. Бас төреші – испан Антонио Матео Лаос.

Ағылшындар Еуропа чемпионатындағы фавориттер қатарында. Алғашқы ойында хорваттардан басым түсті. Алайда айрықша ойынымен жанкүйерлерді қуанта қойған жоқ. Мұны команданың бас жаттықтырушысы Гарет Саутгейт күннің ыстық болуымен түсіндірді.

Шотландия құрамасы чехтарға қарсы ойында көбірек шабуыл жасауға ұмтылды. Бірақ жеңіске бастар жолды таппады. Қарапайым ойын жүйесімен қарсыластарына қауқары жетпеді. Ендігі қарсыласы – ағылшындар.

Ойынды отандастарымыз Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Н. Үсенова