Бельгия келесі кезеңге жолдама алды

Бельгия келесі кезеңге жолдама алды

"В" тобындағы Бельгия құрамасы Данияны 2:1 есебімен ұтты.

Дания құрамасы ойынды ширақ бастады. Небәрі 2 минутта-ақ қарсыластың қателігін сәтті пайдаланған шабуылшы Юссуф Пульсен үш қорғаушының арасынан допты қиғаштай теуіп Бельгия қақпашысы Тибо Куртуаны қапы қалдырды.

Есепте алға шыққына Дания бұдан кейін де есепті еселейтін бірнеше мүмкіндікке ие болды. Бірінде сәттілік жетіспесе, екіншісінде доп Куртуаның қолынан табылды. Бірінші тайм бойы даниялықтар шабуалдаумен болды. Қарсылас команданы тықсырып, бірнеше рет Куртуаның шеберлігін сынап көрді.

Бірақ екінші таймда белгьиялықтар ойынды өз бақылауына алды. Себебі, ойынға тыңнан Эден Азар мен Кевин Де Брюйне қосылды. "Манчестер Сити" көшбасшысының ойынға қосылуы Белгьгия құрамасының шабуылын үдетті.

54 минутта Де Брюйне 4 бірдей қорғаушының арасынан Торган Азарға нәтижелі пас берді. Торган болса есепті оңай теңестірді. Бұдан кейін де Бельгия командасы толассыз шабуылдады. 70 минутта Бельгия капитаны Эден Азардың пасын Де Брюйне жақын бұрышты көздеп голға айналдырды.

"В" тобында 6 ұпай алған Бельгия келесі кезеңге Итальиядан соң жолдама алған екінші команда болды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы