Украина Солтүстік Македонияны ұтты

Украина Солтүстік Македонияны ұтты

"С" тобындағы екінші ойында Украина құрамасы Солтүстік Македония құрамасын ұтты. Бухарестте өткен кездесуде Андрей Шевченко шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 29 минутында Украина құрамасының капитаны Андрей Ярмоленко бұрыштаманы сәтті пайдаланып есепті ашты. Осы голдан соң украиналықтар шабыттанып, шабуылды үдете түсті. Олардың шабуылы нәтижелі болып, арада 5 минут өткенде команда шабуылшысы Роман Яремчук қақпаның жақын бұрышын дәл көздеп, 34 минутта есепті еселеді.

Екінші таймда македониялықтар өткір шабуылдарын үдетті. 55 минутта Украина қорғаушысы айып алаңындағы допты тебемін деп қарсылас команданының футболшысын тепті. Нәтижесінде Украина құрамасының қақпасына пенальти белгіленді. Оны Македонияның жартылай қорғаушысы Эзджан Алиоски орындады. Алиоскидің шірене тепкен добын қақпашы Георги Бущан қайтарды, бірақ доптың алдынан бірінші табылған Алиоски екінші мүмкіндігін мүлт жібермеді.

83 минутта айып алаңының ішінде Солтүстік Македония ойыншысының қолына доп тиді. Нәтижесінде македониялықтар қақпасына пенальти белгіленді. Руслан Малиновский тепкен допты қақпашы Столе Димитриевски сәтті қайтарды.

Украина турнир кестесінде үшінші орында, Аустрия және Нидерланд құрамаларымен ұпайы теңесті.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы