Италия бірінші болып плей-оффқа шықты

Италия бірінші болып плей-оффқа шықты
Фото: Reuters©

Италия ұлттық құрамасы бірінші болып Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Олар "А" тобындағы екінші ойында Швейцарияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Римде өткен ойында Мануэль Локателли дубль жасаса, ойын аяқталар сәтте Чиро Иммобиле жарыстағы екінші голын соқты. Ал бірінші таймда Джорджо Кьелини соққан гол VAR қаралымынан кейін есепке алынбады. Аздан соң капитан жарақатына байланысты ойынды ерте аяқтауына тура келді.

6 ұпай жинаған Италия құрамасы "А" тобында көш бастап, плей-оффқа жолдама алды. "Скуадра адзурра" бірінші ойында да дәл осындай есеп айырмасымен Түркия құрамасын ұтқан болатын.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Н. Үсенова