Бүгін топтық кезеңнің екінші айналымы басталады

Бүгін топтық кезеңнің екінші айналымы басталады

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі екінші ойындар басталады. Жанкүйерлер "А" тобындағы  екі, "В" тобындағы бір ойынды тамашалай алады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. Жүлделі орынға ілігуге әлі де мүмкіндік бар. 

Финляндия – Ресей

Екі құрама арасындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат  19:00-де басталады. "В" тобындағы бұл кездесу Санкт-Петербургте өтеді. Бас төреші – нидерланд Дэнни Маккели.

Топтағы бірінші ойында бірі ұтып, бірі ұтылды. Финляндия құрамасы Даниядан 3 ұпай алса, Ресей Бельгиядан 3:0 есебімен ұтылды.

Финдерді тең ойын да қанағаттандыруы мүмкін. Сондықтан қарымта шабуылға иек артары анық. Ал ресейліктер алғашқы минуттардан-ақ гол соғуға ұмтылары анық.

Финляндия құрамасы Ресейге қарсы сәтті өнер көрсете бермейді. Дегенмен бірінші ойындағы жеңістерінен кейін олардың көңіл-күйі көтеріңкі екені рас. Ресейліктерді жергілікті жанкүйерлердің қолдауы қанаттандырары анық.

Бельгиямен болған ойында жарақат алған Юрий Жирков пен Далер Кузяев финдерге қарсы кездесуге шықпайды.

Ойынды қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Түркия – Уэльс

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталады. "А" тобындағы бұл кездесу Бакуде өтеді. Бас төреші – португал Артур Суареш Диаш.

Түріктер Еуропа чемпионатын өте сәтсіз бастады. Шенол Гюнеш командасы тұсаукесер ойында Италиядан ойсырай ұтылды. "Скаудра адзурра" қақпасына бірде-бір дәл соққы бағыттай алмады. Бұл құрама енді Уэльске қарсы ойында барын көрсетері сөзсіз. Олар Еуропа чемпионатына дейінгі ойындарын өте сәтті өткізіп келген-ді.

Уэльс құрамасы бірінші ойында Швейцариямен тең ойнады. 1:1 есебі тіркелген-ді. Роб Пэйдж командасы осал емес. Құрамына Гарет Бэйл, Аарон Рэмзи, Дэниел Джеймс сынды танымал футболшылары бар. Олар кез келген уақытта ойын нәтижесін өзгертіп кетуі мүмкін.

Ойынды қазақстандық жанкүйерлер QazSport арнасынан тамашалай алады.

Италия – Швейцария

Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. Бас төреші – ресейлік Сергей Карасев.

Топтағы бірінші ойында Италия құрамасы жарқын жеңіске жетті. Түріктерді ойсырата ұтты. Роберто Манчини шәкірттері бір гол соғып, қорғанысқа тұрақтап қалған жоқ. Жауапсыз үш гол соқты. Осы ойыннан кейін Италия құрамасын сарапшылар фавориттер қатарына жақындата түсті.

Швейцария құрамасы болса бірінші ойында Уэльспен ұпай бөлісті. Ойында допты көп ұстап, шабуылға жиі шыққанмен жеңіске бастар жолды таппады. Дегенмен "А" тобында екінші орын алуға лайық құрама саналып отыр.

Ойынды отандастарымыз Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі