Испания – Швеция арасындағы ойында есеп ашылмады

Испания – Швеция арасындағы ойында есеп ашылмады

"Е" тобындағы Испания – Швеция арасындағы ойында есеп ашылмады. Севильядағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл нәтиже таңқаларлық болды, өйткені испаниялықтар доптың 75 пайызына иелік етті және Швеция қақпасына 16 соққы жасады, бірақ гол соға алмады. Сонымен бірге, шведтер екі рет гол соғу мүмкіндігін жіберіп алды.

Осылай екі команда да бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен, қақпаны дәл көздейтін футболшы табылмады.

Екі команда да бір ұпаймен Е тобындағы екінші және үшінші орындарды бөліседі. Словакия құрамасы Польша командасын жеңіп (2:1) үш ұпаймен көш бастап тұр. Поляктар нөл ұпаймен соңғы орында.

Келесі кезеңде Испания 19 маусымда Польшамен ойнайды, ал шведтер бір күн бұрын Словакиямен кездеседі.

Ал, "D" тобындағы Шотландия–Чехия құрамалары арасындағы ойын 0:2 есебімен чехтардың пайдасына шешілді.

Испания — Швеция — 0:0

Испания: Симон, Жорди Альба, Ляпорт, Пау Торрес, Коке (Руис, 87), М.Льоренте, Ольмо (Морено, 74), Эрнандес (Тиагу Алькантара, 66), Торрес (Ойярсабаль, 74), Мората (Сарабия, 66), Педри.

Швеция: Ульсен, Лустиг (Крафт, 75), Аугустинссон, Линделеф, Даниэльсон, Себ.Ларссон, Экдаль, Форсберг (Бенгтссон, 84), Олссон (Каюсте, 84), Берг (Классон, 69), Исак (Куайзон, 69).

Ескерту: Лустиг, 55.

Төрешілер: Винчич. Кланчник, Ковачич (все — Словения).

ВАР: Кланчник (Словения). Беттс, Кавана (Англия), Блом (Голландия).