Бүгін топтық кезеңнің бірінші айналымы аяқталады

Бүгін топтық кезеңнің бірінші айналымы аяқталады

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының "F" тобындағы 2 ойын өтеді. "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. Жүлделі орынға ілігуге әлі де мүмкіндік бар. 

Португалия – Венгрия

15 маусымда Будапештегі "Пушкаш Арена" стадионында Еуро-2020 топтық кезеңінің бірінші турында Венгрия құрамасы Португалия құрамасымен ойнайды. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Венгрия

Венгрия құрамасы Ұлттар лигасы арқылы кәрі құрлықтың басты додасына жолдама алды. Осы турнир кезінде олар Болгарияны 3:1 және Исландияны 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде олар В дивизиясынан А класына көтерілді.  

Марко Росси ойыншылары 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші айналымында Польшамен тең (3:3) ойнады. Ал,Сан-Мариноны 3:0 және Андорраны 4:1 есебімен жеңді.

ЕУРО-2020-ға дайындық барысында Венгрия Кипрді 1:0 есебімен жеңіп, Ирландиямен тең (0:0) түсті. Қазіргі уақытта 11 жеңіліссіз ойында венгрлерде 7 жеңіс бар.

Португалия

Португалия құрамасы – қазіргі Еуропа чемпионы. Ұлттар лигасында португалдықтар екінші орын алып, финалға өте алмады. Италия, Хорватия және Швециямен бір топта 13 ұпай жинады.

Осы жылдың наурыз айында Әлем чемпионатына  іріктеу кезеңінде Фернандо Сантуштың құрамасы өз алаңында Әзtрбайжанды 1:0, ал қонақта Люксембургті 3:1 есебімен жеңді. Ал Сербиямен тең (2:2) түсті.

ЕУРО-2020 басталар алдында Португалия Испаниямен 0:0 есебімен тең ойнап, Израильді 4:0 есебімен жеңді. Португалдықтарда кейінгі 15 ойында 10 жеңіс бар.

Бұл ойын Венгрияда өтетініне қарамастан, қазіргі чемпион бұл кездесуде фfворит саналады. Өйткені венгрлер португалдықтарға қарсы өте сәтсіз ойнайды. Өзара ойында Венгрия құрамасы Португалияны сегіз кездесуде бір рет қана жеңген.

Еуро-2016-да бұл командалар топтық кезеңде 3:3 есебімен тең түсті, содан кейін португалдар 2018 Әлем кубогының іріктеу кезеңінде венгрлерді 3:0 және 1:0 есебімен екі рет жеңді.

Ойынды қазақстандық жанкүйерлер QazSport арнасынан тамашалай алады.

Франция – Германия

Франция Еуро-2020 топтық кезеңінің бірінші турында Германиямен ойнайды. Матч 16 маусымда Мюнхенде, Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Франция

Франция құрамасы футбол мамандарының пікірінше, Еуропа чемпионатының басты фавориті саналады. 2018 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін Франция құрамасы күшті құрамға айналды.

Еуро басталмас бұрын француздар екі жолдастық кездесу өткізді. Екеуі де 3:0 есебімен Дидье Дешам командасының пайдасына шешілді.

Алдымен Франция Уэльс құрамасын жеңді, содан кейін Болгарияны тізе бүктірді.

Германиямен кездесуге бірнеше күн қалғанда Болгариямен ойында тізесінен жарақат алған Карим Бензема толық қалпына келгені және алаңға шығуға дайын екендігі белгілі болды.

Германия

Германия әдеттегідей, алтын медальға үміткерлердің қатарында, бірақ бәрі онша айқын емес.

Ресейде өткен Әлем чемпионатынан кейін немістер үш жылдық дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Йоахим Лёв бірнеше рет бапкер қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат таралды.

Осындай жағдайлардың бірінде немістер Ұлттар лигасында 0:6 есебімен Испаниядан ойсырай жеңілді.

Алайда маусым айының басында Германия ұлттық құрамасы Даниямен тең түсіп, Латвияны 7:1 есебімен ұтты.

Бір қызығы, Германия Франциямен өткен бес матчта ешқашан жеңіске жеткен емес. Үш кездесу француздардың жеңісімен аяқталды, ал екеуінде тең ойын тіркелді.

Ойынды қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі