Еуро-2020 : Чехия Шотландияны ұтты

Еуро-2020 : Чехия Шотландияны ұтты

"D" тобындағы Шотландия–Чехия құрамалары арасындағы ойын 0:2 есебімен чехтардың пайдасына шешілді.

Глазгодағы аса тартысты өткен ойында Шотландия құрамасының бірнеше мүмкіндігі болғанымен қақпаны дәл көздейтін ойыншы табылмады. Ал, Чехия сәтті қорғана біліп, кезі келгенде мүмкіндіктерін мүлт жібермеді.

42 минутта чех шабуылшысы Патрик Шик әуедегі допты қақпаға дәл көздеп командасын алға шығарды. 52 минутта тағы да "Байер" шабуылшысы Шик қарсылас қақпашының алға шығып кеткенін пайдаланып, алаң ортасынан теуіп, тамаша голдың авторы атанды.

18 маусымда хорваттар чехтермен, ал британдықтар шотландиялықтармен кездеседі.

Чехия Англияны екінші орынға түсіріп, топта бірінші орынға шықты.

Айта кетейік, бүгін Польша – Словакия және Испания – Швеция ойындары өтеді.

Польша – Словакия Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталады. "Е" тобындағы бұл кездесу Санкт-Петербургте өтеді. Бас төреші – румын Овидиу Хэцеган.

"Е" тобындағы Испания – Швеция арасындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. Бас төреші – словак Славко Винчич.

Екі ойынды да қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.