Бельгия құрамасы Ресейді 3:0 есебімен ұтты (видео)

Бельгия құрамасы Ресейді 3:0 есебімен ұтты (видео)

Футболдан Еуропа чемпионатында Ресей құрамасы Бельгиядан ойсырай ұтылды. Санкт-Петербургте өткен ойында Роберто Мартинес шәкірттері 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бельгия бұл ойында фаворит саналған. 10 минут ішінде-ақ есепте алға шықты. Ромелу Лукаку гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Ал  бірінші тайм аяқталғанға дейін тағы бір гол соғып үлгерді. Гол авторы – Томас Менье.

Ойын аяқталар тұста Ромелу Лукаку дубль жасап, ақырғы есепті тіркеді. Осылайша 3 ұпаймен Бельгия құрамасы "В" тобында көш басына шықты.