Еуропа чемпионаты Түркия – Италия ойынымен басталады

Еуропа чемпионаты Түркия – Италия ойынымен басталады

Бүгін түнде кәрі құрлықтың басты доп додасы басталады. Жарыстың бірінші ойыны Римде Түркия мен Италия құрамалары арасында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 00:50-ге жоспарланған.

Қазақстандық футбол жанкүйерлері жарысты тікелей эфирде тамашалай алады. Еліміздің аумағында көрсетілімді Qazsport және Qazaqstan арналары тарататын болады. Түркия – Италия ойынын екі телеарна да көрсетеді.

Ойында Роберто Манчини жаттықтыратын "скаудра адзурра" фаворит саналып отыр. Қорғанысы мығым, орталық шебі шебер ойыншылардан құралған италиялықтар жеңіске жетеді деген болжам көбірек айтылуда. Одан өзге ойын өз елінде өтеді. «Стадио Олимпико» алаң иелері үшін зор мүмкіндік алаңы саналады.

Түріктердің ойыны да осал емес. Іріктеу кезеңін өте сәтті өткізді. Франциядан кейін топта екінші орын алды. Одан кейін жолдастық ойындарды өте сәтті өткізді. Нидерланд құрамасын 4:2, Норвегияны 3:0 есебімен ұтты. Латвиямен тең (3:3) ойнады.

Италия құрамасы да іріктеуді сәтті өткізді. J тобында бірінші орынмен шықты. Топтағы 10 ойында да жеңіске жетті. Одан бергі аралықтағы жолдастық кездесулерін де жақсы өткізіп жүр. 27 ойын қатарынан жеңілмей келеді. 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде де өз тобында бірінші орында тұр.

Екі құрама да ірі жарысты сағынғаны рас. Түркия 2016 жылы топтан шыға алмады. Италия 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына бара алмады.

Алаңға шығуы мүмкін негізгі құрам:

Түркия (4-1-4-1): Чакыр — Челик,  Демирал, Сенджу, Мерас — Йокушлу — Караман, Туфан, Язычи, Чалханоглу — Бурак Йылмаз

Италия (4-3-3): Доннарумма — Флоренци, Бонуччи, Кьеллини, Спинаццола — Барелла, Жоржиньо, Локателли — Инсинье, Иммобиле, Берарди


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді