Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат футболшылар

Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат футболшылар

Transfermarkt порталы Еуропа чемпионатында бақ сынайтын ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Көш басында – Килиан Мбаппе.

Франция құрамасы ойыншысының трансферлік құны 160 миллион еуроға бағаланған. Одан кейінгі орында ағылшындық шабуылшы Харри Кейн тұр. Портал бұл шабуылшының құнын 120 миллион еуро  деп көрсеткен.

Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат футболшылардың үштігін Джейдон Санчо (Англия) түйіндеп тұр. Оның қазіргі трансферлік құны – 100 миллион еуро.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Кевин де Брюйне, Ромелу Лукаку (100 миллион еуродан), Френки де Йонг, Рахим Стерлинг, Йозуа Киммих, Бруну Фернандес (90 миллион еуродан) және Маркус Рэшфорд (85 миллион еуро) енген.

Кәрі құрлықтың басты додасында бақ сынайтын ең қымбат футболшылардың рейтингін осы сілтемеге өтіп көруге болады.

 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді