Суперкомпьютер Еуропа чемпионы атанатын құраманы анықтады

Суперкомпьютер Еуропа чемпионы атанатын құраманы анықтады

Sportradar футбол сарапшылары суперкомпьютер көмегімен Еуропа чемпионы атанатын құраманы анықтады. Нәтиже жанкүйерлер күткендей емес, керісінше ортаңқол саналатын Чехия құрамасы жеңімпаз атанады-мыс.

Mirror басылымы хабарлағандай,  кәрі құрлықтың басты додасында чехтардың асығы алшысынан түседі. Суперкомпьютер болжамы бойынша олар Испания, Португалия, Германия құрамаларынан айласын асырып, 2004 жылғы гректердің жеңісті жолын қайталайды.

Суперкомпьютер финалда Чехия құрамасы Даниямен кездеседі деп болжап отыр. Ойында 2:1 есебімен чехтар жеңеді деп көрсеткен.

Чехия құрамасы өз тарихында бір рет қана Еуропа чемпионатының финалына шыққан. 1996 жылғы доп додасындағы басты ойында олар Германияға жол беріп, күміс жүлдегер атанған.

 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді