Италия плей-оффқа бірінші орынмен шықты

Италия плей-оффқа бірінші орынмен шықты

Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші ойында Италия Уэльсті 1:0 есебімен ұтты.

Италия құрамасы ойынды ширақ бастады. Команданың шабуылшысы Чиро Иммобиле бірнеше гол соғу мүмкіндігін пайдалана алмады. Стандартты жағдайды тиімді пайдаланған Маттео Пессина 39 минутта есепті ашты.

Екінші таймда италиялықтар да уэльстіктер де бірнеше рет гол соғатын сәтті мүлт жіберді. Ойынның 55 минутында Уэльс құрамасының қорғаушысы дөрекі ойнап қызыл қағаз алды.

Италия плей-оффқа бірінші орынмен шықты.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы