Массагет бәйгесінің жеңімпазына қандай сыйлық бұйырады?

Әлі шуы басылмаған «Еуро-2016» додасы біздің Массагет.кз порталында да талқыланды. Оқырмандарымыз жеңімпазды анықтауда белсенділік танытты. Болжам жасап, ат салысып, өз пікірлерін білдірді. 

Естеріңізде болса, байқауды жариялаған кезде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаз бағалы сыйлықпен марапатталатынын айтқанбыз. Бірақ, бағалы сыйлықтың не екенін құпия қалдырған едік. Енді, міне сол құпияны ашатын уақыт та келген сияқты.

Сонымен, байқау жеңімпазына арналған сыйлығымыз – Prestigio MUZE E3 смартфоны. Бағалы сыйлыққа демеуші болған talapai.kz онлайн-маркеті.

Демеушіміз жайында аздаған ақпарат бере кетсек. Talapai.kz тұрмыстық техникаларды компьютер және ғаламтордың көмегімен онлайн-маркет арқылы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Бір қуантарлығы, нарық әлеміндегі соңғы тенденцияда орын алған жаңа электроникаларды қол жетімді бағамен ұсына алады. Оған қоса, қаланың қалың кептелісіне қарамастан, үйден отырып сатып алған затыңызды тез жеткізе алады.

Talapai.kz онлайн-маркетінің басты мақсаты – тұтынушының көңілінен шығып, оңай әрі тиімді сауда жасауға мүмкіндік беру. Онлайн-маркет жүйесі – жаһандану дәуірінде адамзатқа ең бір керек дүние. Нарық әлемінде сауатты болу – заман талабы.

Естеріңізге сала кетейік, үздік ондыққа кіргендер үшін қосымша сыйлықтар да қарастырылған. Ол жүлде иегерлерін ертең жариялайтын боламыз. Ал оған дейін жарыстың қорытынды рейтингін мына сілтеме арқылы көре аласыздар. Сонымен қатар, жарыс туралы соңғы маңызды мәліметтермен мына сілтеме арқылы таныс бола отырыңыздар.