Массагет бәйгесі. Жартылай финал болжамын дәл табыңыз

Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалдық ойындары бүгін басталады. Криштиану Роналду бастаған Португалия мен Гарет Бейлдің сүйреп жүрген Уельс құрамасы қандай ойын көрсететінін біраз сағаттардан кейін білетін боламыз. 

Португалия - Уельс 

Топтық турнирден суырылып шығып, қарсыластарынан басым түскен қос құрама бүгін жартылай финалда жолығуда. "Реал Мадрид" клубының қос шабуылшысының теке-тіресі немен аяқталатыны әзірге белгісіз. Алайда, ойынның басты фавориті болып португалдықтар есептелуде. Бұған дейін қос ойынды қосымша минут пен пенальтидің көмегімен жеңген құрама бүгін қандай дайындықпен келгені белгісіз. Алғаш рет еуропа чемпионатына шығып, жартылай финалға жеткен Уельс құрамасы сенсация жасағаны жасырын емес. Жанкүйерлердің айтуы бойынша ала доп аут пен бұрыштамаға көп кетпесе, ойын қызатыны анық. Қос команда мен қос жүйріктің арасындағы жеңімпаздың кім болатынын Астана уақыты бойынша сағат 1:00-де KazSport арнасынан тамашалай аласыздар.

 Аталған ойынға букмекерлік орталықтар Португалия құрамасының жеңісіне – 2,01; ал тең ойынға – 3,02 Уельс құрамасының жеңісіне 4,26 коэффициент беріп отыр.  

Бөлісу: