Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Еуро-2016 / Уэльс құрамасы Бельгияны жеңді (Видео)

Уэльс құрамасы Бельгияны жеңді (Видео)

Уэльс құрамасы Бельгияны жеңді (Видео)

Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Бельгиямен кездескен Уэльс құрамасы қарсыластарынан басым түсті. "Пьер-Моруа" стадионында болған ойында уэльстіктердің пайдасына 3-1 есебі тіркелді.

Букмекерлер мен футболсүйер қауым кездесуге дейін Бельгия құрамасын фаворит санаған. Эден Азар бастаған жігіттер ойынның алғашқы минуттарынан-ақ ол ойдың рас екенін дәлелдегісі келді. 3-минутта бар күшімен алға ұмтылып, қақпаға қатарынан үш соққы жасаған бельгиялықтарды Уэльс қақпашысы мен қорғаушылары әрең тоқтатты. Дегенмен 13-минутта Раджа Наингголан алыстан соққы жасап, командасын алға шығарды.

Соғылған голдан кейін Бельгия құрамасы ойын тізгінін уэльстіктерге беріп қойды. Британ аралдарынан келген жігіттер шабуыл артынан шабуыл ұйымдастырып, өз дегендеріне 31-минутта жетті. Бұл жолы бұрыштама добын қақпаға баспен бағыттаған Эшли Уильямс мүлт кетпеді. Бірінші тайм 1-1 есебімен аяқталды.

Екінші таймның басын тағы да бельгиялықтар ширақ бастады. Олар допқа көбірек иелік етіп, қарсыластарын біраз састырған еді. Алайда 55-минутта күтпеген жерден гол жіберіп алды. Бұл жолы Хэл Робсон-Кану оң қанаттан әріптесі асырған пасты сәтті қабылдап, қорғаушыларды әдемі алдап өтіп, допты қақпаға дәл бағыттай алды. Есеп 2-1.

Жіберілген голдан кейін есеңгіреп қалған бельгиялықтар есепті теңестіруге асықты. Десе де сәтті қорғана алған уэльстіктер оларды қақпа маңына жолатпай, өздері қарымта шабуылдар ұйымдастырумен жүрді. Нәтижесінде 85-минутта Сэм Воукс Уэльс құрамасының ойындағы үшінші голын соғып, кездесу тағдырын шешіп кетті. Есеп 3-1.

Сөйтіп Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан Уэльс құрамасы жартылай финалға өтті. Ол жақта бұл құраманы кеше Польшаны ұтқан португалдықтар күтіп отыр. 

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Yernar Almabek
Қосылған күні: 02 шілде 2016, 03:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.