Массагет бәйгесі. Жеңіске жетуге асығыңыз

Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатынның 1/8 финал ойындары әрмен қарай жалғасуда. Фаворит саналатын Италия мен Испанияның жолы ширек финалда шешілетін болады. Қос мықтының да бабында екенін футбол сүйер қауым жақсы біледі. Алайда, жарыс болғандықтан бабы мен бағы қатар шапқан үздік келесі турға жолдаманы жеңіп алады. Екінші ойын Англия мен Исландия арасында өтпек. Пеле бас жүлденің иесі деген ағылшындар өздерінің көрсеткішін сақтап қалу үшін бүгінгі ойында барын салады.

Италия - Испания

Италия құрамасы бұл чемпионатта командалық ойынымен ерекше көзге түсті. Топтық кезеңде Бельгия мен Швецияны тізе бүктірген құрама үшінші ойында біраз еркінсігені бар. Есесіне, Ирландиядан 0-1 есебімен жеңіліп жазаларын алды. Ал, Испания құрамасына келер болсақ, Чехия мен Түркияға қарсы ойында өздерінің мықты екендерін көрсете білген қызыл фуриялықтар, Хорваттардан айласын асыра алмады. Топтық кезеңнің аяқталуына шақ қалғанда есе жіберген испандықтар 1/8 финалға екінші сатымен шықты.

Италия құрамасының басты күші "Ювентус" клубының жартылай қорғаушыларынан тұрады. Бір клубта тамаша ойын өрнегін көрсетіп, бірін-бірі жақсы түсінетін спортшылар бүгінде өздерінің жоспарларын нәтижелі орындап шығады деген болжам бар. Жалғыз гол салып қорғаныста жататын италиялықтардың тактикасы орындалатын жағдайда, қызыл фурияның жарыс жолынан шығып қалуы да мүмкін. 

Букмекерлік орталықтар ойында Италия құрамасының жеңісіне – 4,29 тең ойынға – 3.03, Испанияның жеңісіне – 2.19 коэффициент беріп отыр.

Англия - Исландия

Францияның Ницца қаласындағы "Альянс Ривьера" стадионында өтетін Англия мен Исландия арасындағы ойын тартысты болады деп күтілуде. Соңғы рет 2004 жылы кездескен қос құраманың ойынында 6:1 есебімен ағылшындар жеңіске жеткен. Сол бір ұзақ жылдан кейінгі көрініс бүгін қайталана ма, жоқ па оны білуге де азғана уақыт қалды. Топтық кезеңнің үш ойынының біреуінде жеңіске жеткен Исландия құрамасы екінші орынмен келесі айналымға өткен. Футболдың королі Пеленің болжамы дұрыс болса, Англия құрамасы осы чемпионаттың титулына ие болу керек. Сүйектен өтер сөздерін жаттығу кезінде айтып командасын жігерлендіретін бапкерлер, жарыстан орта жолда қайтқысы келмейтіні тағы бар. 

Аталған ойынға букмекерлік орталықтар ойында Англия құрамасының жеңісіне – 1,55, тең ойынға – 4.05, Исландияның жеңісіне – 7.75 коэффициент беріп отыр.

Ескерту: Жарысқа қатысушылардың назарына, 1/8 финалдық ойындарға дейін жалпы есепте 5 балдан төмен алған үміткерлер жарыс жолынан шеттетіледі. Сонымен қатар, болжам жасаған уақытта, шартта көрсетілген уақыттан 1 минут асып кетсеңіз де, болжамыңыз есепке алынбайды.