Тележүргізуші тікелей эфирде футбол алаңына өтіп кетті (Видео)

Тележүргізуші тікелей эфирде футбол алаңына өтіп кетті (Видео)
Фото: inform.kz

Таяуда Франция мен Швейцария құрамалары арасында өткен футбол ойыны барысында M6 телеарнасы оптикалық көз алдау өткізді.

Алғашында студиядадағы тележүргізуші ойын алаңында тұрған тілшімен тілдесу үшін бірден футбол алаңына сиқырлы телепортация жасалғандай көрінді. Жүргізуші әйел экран босағасынан аттап қана алаңда тұрған әріптесінің қасына барып, онымен өтіп жатқан ойын туралы тілдесе бастаған. Бір қызығы көрерменге оқиға бір жерде өтіп жатқан секілді көрінді.

Алайда портал түсірілімнің осыншама шынайы көрінуінің себебін ашып көрсетпеген. 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы