Испания құрамасы түріктерді ірі есеппен ұтты (видео)

Футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Испания құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды. «Қызыл фурия» топтағы екінші ойында Түркия құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңді.

Соңғы екі Еуропа чемпионатында да қарсыластарына дес бермей келе жатқан Испания құрамасына Арда Туран бастаған жігіттер қарсылық таныта алмады. 34 минутта Альваро Мората ойындағы есепті ашты. Араға 3 минут сала Нолито түрік қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланып кетті. Ал екінші тайм басында Альваро Мората дубль авторы атанып, ойындағы ірі есепті тіркеді. Сондай-ақ Испания құрамасының шабуылшысы Франциядағы Еуропа чемпионатындағы бір ойында екі гол соққан (дубль) алғашқы ойыншы атанып отыр.

«D» тобындағы соңғы ойында «қызыл фурия» Хорватиямен, түріктер Чехия құрамасымен ойнайтын болады.