Массагет бәйгесі. Үздіктер қатарынан табыл!

Массагет бәйгесі. Үздіктер қатарынан табыл!
Фото: google.kz

Футболдан Франция жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатында бүгін тағы үш ойын өтеді. «В» тобында Англия мен Уэльс, «С» тобында Украина мен Солтүстік Ирландия, Германия мен Польша кездеседі.

Англия – Уэльс

Топтағы алғашқы ойында Англия құрамасы қолда тұрған 3 ұпайдан айырылды. Ресей құрамасын соңғы минуттарға дейін ұтып тұрып, жеңісті уыстарынан шығарып алды. Нәтижесінде 1 ұпайды қанағат тұтты. Ал Уэльс құрамасы болса тартысты өткен ойында Словакияны жеңіп, топта көш бастаған-ды.

Ағылшындардың Ресей құрамасына қарсы ойыны тек шабуылдаумен өткенін көзіміз көрді. Көп тұста сәттілік жетіспеумен болды. Дегенмен Уэльс те қарымта шабуылда қарап қалмайтын құрама. Әсіресе команда Гарет Бэйлге көп мүмкіндік жасауға тырысары анық.

Букмекерлік орталықтар Англия құрамасын фаворит санап отыр. Ағылшындардың жеңісіне – 1,58, тең ойынға – 4,00, Уэльс құрамасының жеңісіне 6,7 коэффициент беріп отыр.

Құрамалардың ойынға шығуы мүмкін құрамы:

Англия: Харт, - Роуз, Кэйхилл, Смоллинг, Уокер, - Алли, Дайер, Руни, - Стерлинг, Лаллана, Варди.

Уэльс: Уорд, - Тейлор, Уилльямс, Б.Дэвис, Честер, Гантер, - Рэмзи, Лэдли, Аллен, - Бэйл, Робсон-Кану.

Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар.

Украина – Солтүстік Ирландия

Украина құрамасы Германияға қарсы ойында 2:0 есебімен ұтылғанмен, жүйелі ойынымен жанкүйерлер көңілінен шықты. Ал Солтүстік Ирландия құрамасы бірінші ойында Польшаға 1:0 есебімен ұтылды.

Солтүстік Ирландияға қарағанда украиналықтардың құрамы қарымды. Жылдам қарымта шабуылда сәтті өнер көрсете алады. Негізінен бүгінгі ойын екі құрама үшін де аса маңызды. Жеңілген құрама топтан шығу мүмкіндігін жоғалтады. Кездесуде Украина құрамасы айқын фаворит саналып отыр.

Құрамалардың ойынға шығуы мүмкін құрамы:

Украина: Пятов, - Шевчук, Ракицкий, Хачериди, Федецкий, - Сидорчук, Степаненко, Коваленко, - Коноплянка, Ярмоленко, - Зозуля.

Солтүстік Ирландия: МкГоверн, - Фергюсон, МкУили, Эванс, Каткарт, МкЛаглин, - Бэйрд, МкНейр, Норвуд, - Дэвис, - Лафферти.

Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.

Германия – Польша

Германия – Еуропа чемпионатының басты фавориті. 2014 жылы Бразилияда өткен додада чемпион атанған немістер топтағы бірінші ойынын Украина құрамасына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен ұтты. Бүгін Польшаға қарсы ойында да жеңіске жететініне күмәнмен қарайтындар аз.

Польша құрамасы бірінші ойында Солтүстік Ирландияны ұтты. Поялктарға жеңіс сыйлаған голды 51 минутта Аркадиуш Милик соқты. Ал бұл құраманың жұлдызды ойыншыларының бірі – Роберт Левандовский. Ол Германия құрамасын бес саусақтай біледі десек қателеспейміз. Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Германия құрамасындағы Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Марио Гетце, Джером Боатенг сынды ойыншылармен бір клубта ойнайды.

Құрамалардың ойынға шығуы мүмкін құрамы:

Германия: Нойер, - Гектор, Мустафи, Боатенг, Хеведес, - Кроос, Хедира, - Дракслер, Езил, Мюллер, - Шюррле.

Польша: Щесны, - Енжейчик, Паздан, Глик, Пишчек, - Капустка, Крыховяк, Зелински, Блащиковски, - Милик, Левандовски.

Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, осыған дейін «Массагет» порталы болжамдар бәйгесін жариялаған болатын. Ойындарға болжам жасау Астана уақытымен басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады. Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Барынша үш ойынды да бір қатарға жазып жарияласаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпке өзгертуге болмайтынын ескертеміз.

Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жаңарған рейтинг АнглияУэльс құрамаларының ойыны басталғанға дейін жарияланады.

Ө. Сансызбай