Нани Еуропа чемпионатының 600-голын соқты (видео)

Нани Еуропа чемпионатының 600-голын соқты (видео)
Фото: vk.com

Футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатындағы Португалия мен Исландия құрамалары арасындағы 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойында португалдық шабуылшы Луиш Нани дода тарихындағы 600-голдың авторы атанды.

Португалия құрамасы бірінші таймды сәтті бастағанмен, ойынды жеңіспен аяқтай алмады. 31 минутта Нани командасын алға шығарғанмен, Ларс Лагербек жаттықтыратын Исландия құрамасы екінші таймда таразы басын теңестіре білді. 51 минутта Биркир Бьярносанды португалдық қорғаушылар жауып үлгермеді.

Францияның Сент-Этьен қаласында өткен ойында португалдықтар статистика бойынша оқ бойы озық болғанмен, есептегі нәтиже бойынша тең тарқасты. Еуропа чемпионатының ең бағалы ойыншысы Криштиану Роналду үздік ойынымен көзге түсе алмады.

«F» тобында бірінші ойындардың қорытындысы бойынша Венгрия құрамасы көш бастады. Олар Австрия құрамасын 2:0 есебімен ұтқан болатын. 

Ө. Сансызбай