Хорват жанкүйері Модричтің голын алаңға шығып тойлады

Хорват жанкүйері Модричтің голын алаңға шығып тойлады
Фото: sports.ru

Футболдан Франция жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатын Хорватия құрамасы жеңіспен бастады. Ойын тағдырын шешкен Лука Модричтің голын тойлау сәтінде жанкүйер алаңға жүгіріп шығып, өз қуанышын сүйікті командасының ойыншыларымен бірге қарсы алды.

Жанкүйер стюардтарды бір сәт көз жаздырып, алаңға жүгіріп шықты. Ойыншылармен бірге гол қуанышын тойлап,трибунаға қайта оралды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының үшінші күніндегі Түркия мен Хорватия құрамаларынан бөлек, Польша – Солтүстік Ирландия, Германия мен Украина құрамалары арасындағы ойындар өтті. Поляктар солтүстік ирландиялықтарды 1:0 есебімен жеңсе, немістер украиналық футболшыларды екі доп басымдығымен ұтты. 

Ө. Сансызбай