Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат 12 футболшы

Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат 12 футболшы
Фото: eurosport.com

Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат футболшылардың рейтингі жарияланды. Бұл тізімде португалдық шабуылшы Криштиану Роналду көш бастап тұр.

Немістің танымал «Transfermakrt» басылымының мәліметі бойынша, 31 жастағы футболшының трансферлік құны 110 миллион евроға бағаланып отыр. Бір қызығы, Еуропа чемпионатына қатысатын Венгрия құрамасының барлық ойыншыларының құнын қосқанда да Роналдуға жетпейді екен.

Ең қымбат ойыншылар рейтингінде екінші орынға Гарет Бэйл орналасқан. Уэльс құрамасында ойнайтын мадридтік «Реал» ойыншысының құны 80 миллион еуроға бағаланып отыр. Ал үштікті 75 миллион еуромен Томас Мюллер қорытындылап тұр.

Еуропа чемпионатынан кейін ойыншылардың құнына да өзгерістер енері анық. Себебі төрт жылда бір рет өтетін додада біреудің бағы жанса, енді бір ойыншылар мүлде көзге түспей кететіні рас.

1. Криштиану Роналду (Португалия) —110 миллион еуро

2. Гарет Бэйл (Уэльс) — 80 миллион еуро

3. Томас Мюллер (Германия) — 75 миллион еуро

4. Эден Азар (Бельгия) — 70 миллион еуро

5. Роберт Левандовски (Польша) — 70 миллион еуро

6. Поль Погба (Франция) — 65 миллион еуро

7. Кевин де Брюйне (Бельгия) – 60 миллион еуро

8. Антуан Гризманн (Франция) — 60 миллион еуро

9. Лука Модрич (Хорватия) — 50 миллион еуро

10. Месут Озил (Германия) — 50 миллион еуро

11. Рахим Стерлинг (Англия) — 50 миллион еуро

12. Тони Кроос (Германия) — 50 миллион еуро

Еуропа чемпионатына қатысатын ең қымбат құрама – Испания. Олардың барлық ойыншыларының құнын қосқанда 736 миллион долларды құрайды екен. Екінші орында – Германия (633 миллион доллар), үшінші орынға Франция құрамасы (551 миллион доллар) орналасқан.

Ө. Сансызбай