Еуропа чемпионатына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды

Еуропа чемпионатына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды
Фото: news.sportbox.ru

Биыл футболдан Франция жерінде Еуропа чемпионаты өтеді. УЕФА қартамыс құрлықтың басты додасында қазылық жасайтын төрешілердің тізімін жариялады.

Додаға 18 төреші қазылық жасайды. Атап айтар болсақ, Мартин Аткинсон, Марк Клаттенбург (екеуі де - Англия), Виктор Кашшаи (Венгрия), Феликc Брих (Германия), Карлос Веласко Карбальо (Испания), Никола Риццоли (Италия), Бьорн Куйперс (Нидерланд), Свейн Моэн (Норвегия), Шимон Марчиняк (Польша), Сергей Карасев (Ресей), Овидиу Хацеган (Румыния), Милорад Мажич (Сербия), Дамир Скомина (Словения), Джюнейт Чакыр (Түркия), Клеман Тюрпен (Франция), Павел Краловец (Чехия), Уильям Коллам (Шотландия) және Йонас Эрикссон (Швеция).

Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Француздардың 10 қаласында өтетін додаға алғаш рет 24 құрама қатысатын болады.  

Ө. Сансызбай