Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама аталды

Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама аталды
Фото: GETTY IMAGES

Transfermarkt порталы 2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатының ең қымбат құрама тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең қымбат құрама ретінде Англия, одан кейін Бразилия мен Франция бағаланды.

Толық тізім:

Англия (1,26 миллиард еуро);
Бразилия (1,14 миллиард еуро);
Франция (1,03 миллиард еуро);
Португалия (937 миллион еуро);
Германия (886 миллион еуро);
Испания (872 миллион еуро);
Аргентина (645 миллион еуро);
Нидерланд (587 миллион еуро);
Бельгия (563 миллион еуро);
Уругвай (450 миллион еуро).

Еске салайық, 20 қарашада Катарда футболдан әлем чемпионаты басталады.

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының кестесі. Ойындарды қайдан көреміз?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек