Неймар әлем чемпионатының фавориттерін атады

Неймар әлем чемпионатының фавориттерін атады
Фото: "ПСЖ"

Бразилиялық шабуылшы Неймар 101 Great Goals басылымына футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының фавориттерін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПСЖ-ның 30 жастағы шабуылшысы Франция, Аргентина, Германия, Англия және Бельгия құрамаларын ерекше атады. Ол бұл құрамаларды бразилиялықтардың титул үшін күрестегі басты қарсыластары деп санайды.

Еске салайық, Бразилия топтық кезеңде Сербия, Швейцария және Камерун құрамаларымен кездеседі. Франция Австралия, Дания және Тунис, Аргентина - Сауд Арабиясы, Мексика және Польша, Германия - Жапония, Испания және Коста-Рика, Англия - Иран, АҚШ және Уэльс, Бельгия - Канада, Марокко және Хорватия құрамаларымен ойнайды.

Әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. Барлық матчтер Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек