"Реал" Бензема мен Игуаинді сатпақ

"Реал" Бензема мен Игуаинді сатпақ

Мадридтік "Реал" командасы жазғы маусымда шабуыл шебіне бірқатар өзгерістер енгізбек.

Football Espana пен франуз басылымдары жарыса жазып жатқандай, корольдік клуб осы бір екі шабуылшыны қажетсіз деп тауып отырған сыңайлы.

Бұрнағы ақпараттарға көз жүгіртсек, «Реал» жаз айында соңғы жарқын еуропалық жұлдыздармен шабуыл шепті жақсартпақ. Ол қатарда Эдинсон Кавани, Радамель Фалькао, Кун Агуэро мен Гарет Бэйл секілді ойыншылардың аты аталары сөзсіз.

Әрине, осылардың қай-қайсысын сатып алу үшін қыруар қаржы қажет-ақ. Ендеше, "Реал" командасына өз шабуылшыларын неге сатпасқа?!.. 

Клуб басшылығы Игуаинді жиі-жиі жарақат алып қалатыны үшін, ал Бенземаны ішкі біріншіліктегі сүреңсіз ойынына қарай отырып сатып жіберуі мүмкін.

сурет:dynamo.kiev.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига