Чемпиондар Лигасы. Жартылай финалдың жеребесі тартылды

Чемпиондар Лигасы. Жартылай финалдың жеребесі тартылды

УЕФА-ның ресми штаб пәтері орналасқан Швейцарияның Ньон қаласында кәрі құрлықтың ең мықты футбол додасы саналатын Чемпондар Лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды.

Жалпы 2012-13 жылғы Чемпиондар Лигасының жартылай финалына мадридтік «Реал», каталондық «Барселона», дортмундық «Боруссия» және мюнхэндік «Бавария» командасы шыққаны белгілі. Жеребе тарту рәсімін УЕФА-ның атқарушы директоры Джанни Инфантино жүргізді. Ал жеребенің өзі Чемпиондар Лигасында 56 гол авторы атанған, үш мәрте осы доданың үздік сұрмергені болған голландиялық шабуылшы Рудд ван Нистелрой жүргізді. Сонымен Чемпиондар Лигасының жартылай финалында төменгі командалар бір-біріне қарсы ойнайтын болады:

Бавария - Барселона

Боруссия Д – Реал Мадрид

Чемпиондар Лигасының алғашқы кездесуі 23 және 24 сәуірде өткізетін болса, қарымта кездесуді 30 сәуір және 1 мамырда ойнайтын болады. Жеребе барысында қарсыласты бірінші таңдаған ұжым бірінші ойынды өз алаңдарында өткізеді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sport-xl.net

Ю. НИКУЛЛИН