"Барса" ойыншысы "ПСЖ"-ға қарсы өткен ойында әке атанды

"Барса" ойыншысы "ПСЖ"-ға қарсы өткен ойында әке атанды

Каталондық "Барселона" командасының ойыншысы Сеск Фабрегас Чемпиондар Лигасының 1/4 финалында "Пари Сен-Жерменге" қарсы өткен жауапты ойынында әке атаныпты - қыз бала дүниеге келген.

Қуанышты хабарды Фабрегас ойын аяқталысымен естіп, артынша ауруханаға жол тартқан. Айта отырсақ, қыз баланың шешесі Даниэла Симаан екен.

Бақытты ата-ана қыздың есімін Лия деп атағанды жөн көріпті. Ол Фабрегастің тұңғышы, деп хабарлайды Sport.es.

Қоса кетсек, жауапты ойында қос қарсылас 1:1 есебімен тең тарасты. Сырт алаңдағы гол басымдылығымен "Барселона" командасы ширек финалға жолдама ала алды (Париждегі бірінші ойын 2:2 есебімен аяқталған болатын).



сурет:sport-express.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига