ЧЛ. "Юве" Германия чемпионын жеңе ала ма?

ЧЛ. "Юве" Германия чемпионын жеңе ала ма?

Бүгін түнде Чемпиондар Лигасының ширек финалдық кездесулері жалғасадыТуриндік «Ювентус» өз алаңында мюнхендік «Бавариямен» қарымта кездесу өткізіп, жартылай финалдық  жолдаманы сарапқа салады.

«Ювентустың» екі доп айырмашылығын қысқартып, соңғы 10 жыл ішінде УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шыға ала ма деген сұрақ басты нәрсе емес секілді. Туриндік клубтың бапкері Антонио Контеге бастысы - өз шәкірттерінің алдыңғы аптада Германияда өткен кездесуден анағұрлым сапалы ойын көрсету. Мюнхенде «Ювентус» 18 еурокубоктік кездесуден соң алғаш рет жеңіліске ұшырады. Алайда, «Бавария» бапкері Юпп Хайнкес жеңімпаз әлі анықталған жоқ деп есептейді. «Бірінші кездесудің нәтижесіне қарамастан, біз үшін ештеңе  түбегейлі өзгерген жоқ», - дейді ол.

«Ювентус»
Бас бапкер Антонио Конте:

Бізге «Бавария» секілді команданың қарсы ойнайтынын біле тұра, «Ювентуске» сәйкес ойын көрсетуге тырысамыз. Қарымта ойынға біз тас-түйін дайындалып жатырмыз. Өткен кездесудегі қателіктерге бой алдырмау керекпіз.

Бірінші кездесуде «Бавария» өзінің күш-қуатын көрсетті. Бұл өте мықты футбол көрсете алатын шебер команда. Және мюнхендіктер Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атануға басты үміткерлердің бірі. Соңғы жылдары «Бавария» өзінің қазіргі деңгейіне жету үшін ерен еңбек етті.

Мюнхендік клуб Чемпиондар Лигасында жеңімпаз атануға әрқашан да үміткер болып келді. Соңғы үш жыл үшінде ол екі рет ақтық сынға дейін барды. Ал біз өз жолымызды енді ғана бастадық. Мен команданы екінші маусым басқарып келемін, ал Чемпиондар Лигасында клуб менің жетекшілігіммен алғаш рет ойнап жатыр.

Біз алғашқы кездесуде нашар ойнағанымызды білеміз. Енді команда мүлдем басқа ойынды көрсетуге тырысады.

«Бавария»
Бас бапкер Юпп Хайнкес: 


Бірінші кездесудің нәтижесіне қарамастан, біз үшін ештеңе  түбегейлі өзгерген жоқ. Біз Туринде өтетін қарымта кездесуде тек жеңіске жетуге ойнайтын боламыз. «Ювентус» - үздік клуб. Оны Чемпиондар Лигасында да, А Сериясында дәлелдеді. Қарсыластың жеңуге барынша тырысатыны анық, өз кезегінде біз де барымызды саламыз және «Ювентустың» ойынды өз қолына алуына кедергі боламыз.

«Ювентусты» тек мен ғана мақтаймын деп айта алмаймын. Бұл команданың ойыны Италия жерінде де, Германияда да көптің көңілінен шыққан. Әрине, бізде Чемпиондар Лигасындағы тәжірибеміз молырақ, мәселен, бір жыл бұрынғы финал. Бірақ, өкінішке орай, ақтық сында жеңіліп қалдық.

Футболшылар – машина емес. Олар әрқашан жоғары деңгейде өнер көрсетуге талпынады, бірақ, бірінші кездесуде бұл Пирлоның қолынан келмеді. Дегенмен, мен оны әлі де Еуропаның ең үздік жартылай қорғаушылары қатарына қосамын және алдағы уақытта ол өзін жақсы жағынан көрсетеді деп үміттенемін. Буффон, менің ойымша, футбол тарихындағы үздік қақпашылардың бірі. Ол мен үшін аты аңызға айналған тұлға және үздік қақпашы.

Керек-дерек.

Чемпиондар Лигасының 1-4 финалында неміс командаларына қарсы өткен барлық бес ойында да туриндік команда басым түскен.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-xl.net, prosport-ru.tsn.ua, news.sportbox.ru

Ж. FM