Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Чемпиондар Лигасы. "Реал" корольдік ойын көрсетті

Чемпиондар Лигасы. "Реал" корольдік ойын көрсетті

Чемпиондар Лигасы.

Чемпиондар Лигасының ширек финалы аясында өзінің алғашқы кездесуін  өткізген мадридтік «Реал» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдап,  стамбулдық клубты 3-0 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесу байсалды бастады. Бірақ, тең ойын бар болғаны 9 минутқа дейін созылды. "Реалдың" жылдам шабуылы кезінде Өзіл түрік қорғанысының осал жерін тауып, айып алаңына Роналдуға керемет пас шығарып берді. Ал португалдық футболшы еш қиындықсыз допты Муслерудің үстінен асырып жіберді – 1:0. Соғылған голдан соң «Галатасарай» бар күшімен шабуылдауға көшті және есеп теңестіруге болатын мүмкіндікке де ие болды. Алайда, ивуриялық Дидье Дрогбаның соққысы қақпадан жоғары кетті.

Осыдан кейін ойын 30 минутқа дейін саябырлана түсті. Мадридтіктердің кезекті шабуылдарының бірінде Майкл Эссьен оң жақ қапталдан айып алаңының ортасында болған Роналдуға төбеден асыра пас шығарды, бірақ КриРо допқа жете алмай,  доп Бензема аяғына бір-ақ түсті.  Француз 5 метрлік жерден қақпаға соққы бағыттап, екінші голдың авторы атанды.

Екінші таймда да ойын барысы өзгермеді. Корольдік клуб шабуылды одан әрі жалғастырды, ал өз кезегінде, «Галатасарай» футболшыларының қарқыны әлсіреп, ойын тәртібін бірнеше рет бұзуға мәжбүр болды.

Кездесудің 73 минутында Муслера қақпасына үшінші гол соғылды. Алонсоның айып алаңына әуелетіп бағыттаған пасынан соң, жаңа ғана ойынға қосылған Гонсало Игуаин допты қақпаға баспен бағыттап, шешуші голдың авторы атанды. Осы ойында «Галатасарай» ешнәрсе жасай алмады деуге де болмайды. Ойын аяқталуға жақын қалғанда түріктерде есеп айырмасын қысқарту мүмкіндігі болды, бірақ, қауіпті айыпсоққы ешқандай нәтиже бермеді. Ақырында есеп 3:0.

Айта кетсек, қарымта ойын 9 сәуір күні Түркияда өтеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: corrieredellosport.it, srb.time.mk, vecernji.hr, championat.com

1113 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 сәуір 2013, 04:25
Пікірлер
+0
04 сәуір 2013, 09:38

Дер кезінде жазылған материалдаржы жақсы көремін, респект! Айтпақшы, Ерғали, туған күнің құтты болсын! ))))

+0
04 сәуір 2013, 11:10

HALA MADRID Рамос пен Алонсо келесі ойынға қатыса алмайды 1/2 таза шығады бұл Жозенің тактикасы өткен жылы да Аякспен ойнаған да солай істеген еді

+0
04 сәуір 2013, 21:16

Ойымдағы келіп жатыр, Келесі ойында да реал ұтады. Ал барса псжны ұтады,

+0
05 сәуір 2013, 14:38

мен негизи билгенмин Реалдын утатынын 9 сауирде де Реал утат тагыда 3-0 кылып :D :D :D :lol: :lol: :lol:

+0
06 сәуір 2013, 01:48

Ойын адил болган жок!!!! Унеми карап отсан Реалга тореши жактасады)) бул адидикпа???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...