Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Месси жарақат алып тынды

Месси жарақат алып тынды

Месси жарақат алып тынды

Каталониялық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси кеше ЧЛ 1/4 финалы аясында Францияның "Пари Сен-Жермен" клубымен болған матчта жарақат алып қалды. 

Ол ойынның бірінші таймы аяқталар тұста жамбыс сүйегін зақымдап алды. Осы себепті үзілісте оның орнына жартылай қорғаушы Сеск Фабрегас шығуға мәжбүр болды. Бүгін ол мұқият медициналық тексерістен өтпек. Нәтижесінде оның жарақатының қаншалықты ауыр екені және оның аяққа тұрып кету уақыты нақты анықталатын болады. Бұл туралы "Барселонаның" ресми туиттері хабарлап отыр. 

Sport.es мәліметі бойынша, Месси алған жарақатынан кем дегенде үш аптадан соң айығуы мүмкін екен. Егер осы ақпарат шындыққа айналса, онда әлемнің үздік футболшысы 10-сәуір күні ПСЖ клубымен болатын қарымта ойында және Испания біріншілігіндегі "Мальорка", "Сарагоса", "Леванте" клубтарына қарсы матчтарда өнер көрсете алмайды. 

Естеріңізге салсақ, Лионель Месси кеше өткен ПСЖ-ға қарсы ойынның 38-минутында есеп ашқан еді. Бұл доп оның биылғы маусымдағы 63-голы болып отыр. Ал жалпы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Париждік клуб жеңілістен матчтың аяқталуына бірер секунд қалғанда құтылып үлгерген еді.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosport-ru.tsn.ua 

1151 10
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 11:30
Пікірлер
+0
03 сәуір 2013, 11:41

:o Мессиде өшіңіз бардай тақырыбын жаман жазып қойыпсыз. Жарақаты тез жазылып кетсін.

+0
03 сәуір 2013, 12:18

соны айтам тез жазылып кетсін өшіңіз бар сияқтығо шыныменде :D :D

+0
03 сәуір 2013, 13:16

ия жарақат алып тынды :lol: :lol:

+0
03 сәуір 2013, 15:10

ойбу)

+0
03 сәуір 2013, 15:12

Бітті деси :D

+0
03 сәуір 2013, 16:10

тыныпты ғой)

+0
03 сәуір 2013, 20:45

ойбу, обал ау

+0
03 сәуір 2013, 21:22

оебуу

+0
03 сәуір 2013, 22:03

Қасқа біздің қазақтар не нәрсені де көре алмайды ғой

+0
27 сәуір 2013, 18:48

мммммм жаман болган екен 8-) 8-) 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...